Қостанай облысында 160 тонна жуаны шекара асырмақ болғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 160 тонна жуаны шекара асырмақ болғандар ұсталды

07.02.2023

Қостанай облысында 160 тонна жуаны шетел асырмақ болған сегіз жүк көлігі шекарадан кері қайтарылды. Олар тауарды Ресей Федерациясы аумағында қымбатқа саудаламақ болған. Көліктердегі көкөністің бәрі Қостанай облысынан Ресейдің Челябі облысына өтетін бағыттағы «Қайрақ» шекара бекетінде тәркіленді. Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары бір аптаның ішінде шекарадағы осындай сегіз әрекеттің жолы кесілгенін айтады. Қазір жуа елімізде тапшы. Сол себепті ауыл шаруашылығы министрлігі 28 қаңтардан бастап оны экспорттауға үш айға шектеу қойған.

ПАВЕЛ УНИЧ, МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Біздегі жедел ақпарат бойынша басқа тауарлардың арасына жасырып, жуаны экспорттау әрекеттері дайындалып жатыр. Осыған байланысты шекарада экспорттауға шектеу қойылған және тыйым салынған тауарлар тасымалын бақылау күшейтіледі.


Хабарламаларға жазылу