Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 15 кен орны ашылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 15 кен орны ашылуы мүмкін

08.11.2017

Бұл туралы «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасы қаралған Мәжілістің бүгінгі отырысында айтылды. Белгілі болғандай, еліміз геология саласын реттеу бойынша 104 мемлекеттің ішінде 74-ші, ал геологиялық тартымдылығы жағынан 45-ші орында тұр. Бұл олқылықтың орны аталған заң жобасының қолданысқа енуімен толады. Себебі, құжат аталған саланың ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық пайдалы қазба үшін келісімшарт жасасуды оңтайландырады. Сондай-ақ, инвестициялық климат жақсарып, инвесторлардың Қазақстанға қаржы салуы артады.

Айта кетейік, палата депутаттары «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу