«Rio Tinto» компаниясы Қазақстанға бұрын елде болмаған технологияларды әкелетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Rio Tinto» компаниясы Қазақстанға бұрын елде болмаған технологияларды әкелетін болды

10.09.2015
«Rio Tinto» компаниясы Қазақстанға бұрын елде болмаған технологияларды әкелетін болды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев «Rio Tinto» британ тау-кен компаниясы геологиялық барлау операцияларының басшысы Стэфен Макинтошты қабылдады.

Оның басшылығында «Rio Tinto» компаниясының әлемнің 18 елінде өз қызметін жүргізетін  550 ғаламдық геологиялық барлау командасы бар.

Стэфен Макинтош министрді Қарағанды облысындағы Қорғантас және Балқаш-Сарышаған учаскелеріндегі бірлескен жобалар бойынша жұмыстардың барысы туралы және келешектегі жоспарлар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізілді, геологиялық деректер базасын, тексеру және рекогносциялық іздеу маршруттарын дайындау, түбегейлі геохимиялық сынамалар жасау жұмыстары жүзеге асырылған.

Бұдан басқа, Әсет Исекешев инвесторларға Қазақстанда  модельдік фабрика және Кадрлар даярлау жөніндегі орталық құруға қатысуды ұсынды.

Естеріңізге салайық, ағымдағы жылдың жазында «Rio Tinto» компаниясы «Қазгеология» АҚ-мен бірлесіп, Қарағанды облысындағы Қорғантас және Балқаш-Сарышаған учаскелерінде озық әлемдік технологияларды қолдана отырып, ірі кен орындарын іздеу жөніндегі геологиялық барлау жұмыстарын бастады. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша әлемдік деңгейдегі мыс кен орындары табылады деп күтілуде. Іздеу кезеңіндегі инвестициялар 15 миллион шамасында АҚШ долларын құрайды.

 

Хабарламаларға жазылу