Қырғызстанмен арадағы шекарада ірі көлемде контрабандалық тауар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанмен арадағы шекарада ірі көлемде контрабандалық тауар анықталды

31.10.2017

Қырғыз жүк тасымалдаушылары елімізден құны 20 миллион теңгеден асатын қосалқы бөлшектер мен 10 тонна киім-кешек алып өтпек болған. Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері заңсыз жүкті «Алтынкөл» кеден бекетінде контейнерлерді тексеру кезінде тапқан. Тауарлардың барлығында тиісті құжаттары болмай шыққан. Қазір осыған қатысты «Экономикалық контрабанда» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Қырғызстан тасымалдаушылары Қазақстан заңнамасын бір айға жуық уақытта 380 рет бұзған. Инвестициялар және даму министрлігі таратқан мәліметке сүйкенсек, есептік кезеңде 3054 қырғызстандық автокөлік құралы тексерілген. Нәтижесінде жүк тасымалдаушыларға жалпы сомасы 12,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Заңды белшесінен басқандардың көбі тез бүлінетін тауарларды тасымалдау сертификатынсыз өткізбек болған.

Хабарламаларға жазылу