Өзбекстанмен шекарада контрабандалық жүк тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанмен шекарада контрабандалық жүк тәркіленді

10.09.2022

Түркістан облысы «Сарыағаш» темір жол бекетінде құны 1 млн теңгеден асатын «Трамадол» психотропты препараты тәркіленді.

690 таблетка Өзбекстанға баратын жүк вагондарының бірінен табылды. Шекарашыларға контрабандалық жүкті анықтауға арнайы үйретілген «Кайла» атты ит көмектескен. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.


Хабарламаларға жазылу