«Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті үш күнге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекеті үш күнге жабылды

11.02.2021

Қытай бүгіннен бастап «Нұр Жолы» бақылау-өткізу бекетін үш күнге жапты. Шектеу көрші елдегі Жаңа жыл мейрамына байланысты енгізіліп отыр. Қаржы министрлігінің өкілдері тауар тасымалдаушы азаматтардан өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Бұдан бөлек, «Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, карантин салдарынан Қытаймен арадағы шекарада теміржол вагондары да өте алмай тұр.

Тараптар қаңтарда келіссөз жүргізіп, Қытай вагондардың сыртын дезинфекциялап, өткізу мүмкіндігін қарастыратын болған. Айта кетейік, шекарада кезек күткен вагондардың 70%-ы қазақстандық компанияларға тиесілі.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу