Қостанайда  «Аялы алақан» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда  «Аялы алақан» форумы өтті

26.10.2017

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Аялы алақан» форумы өтті. Тағдыр сынына тап болған жан қашанда көмекке мұқтаж. Бүгінде облыста 27 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар болса, олардың 2 мыңға жуығы -  балалар. Ал, еңбек етуге қабілеттілер саны 6 мың. Тек солардың 3 мыңы ғана тұрақты жұмыс тапқан. Бұл түйткілді шешу үшін бағдарлама әзірленіп, қаржы бөлу жағы қарастылып жатыр.

Басқосу соңында үздік әлеуметтік қызметкерлер мен қоғам өміріне белсене араласып жүрген мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды. 

Дүйсенғали Оспанов, «Үміт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

 - Өзіміздің қоғамдық бірлестікте көптеген шаралар атқарылып жатыр. Бізде оңалту орталығы жұмыс істейді. Оқуда, спортта жетістіктерге жеткен адамдарымыз да аз емес. Бұл олардың қоғамға қосқан өзіндік үлесі деп білемін.   

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу