Қостанайда жұмысшы жастардың халықаралық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жұмысшы жастардың халықаралық форумы өтті

30.09.2014
Қостанайда жұмысшы жастардың халықаралық форумы өтті

«Болашаққа қадам». Осындай атаумен жұмысшы жастардың халықаралық форумы өтті. Мақсат - мемлекетке маңызды мамандық иелерінің беделін арттыру. Оған Әзірбайжан, Қырғыз Республикасының, Ресей елінің өкілдері қатысты. Форум аясында  жоғары білікті мамандарды дайындау мәселесі талқыланды.  Осы шараға қатысқан Жамбыл облысының тұрғыны Нұрбол Тұрымбетов нарық талап еткен мамандыққа оқығанын айтады. Ол сыныптастары сияқты заңгер, қаржыгер мамандығына бармағанына өкінбейді. Жоғары оқу орнын тәмамдап, бірден фосфор зауытына  оператор болып орналасты. Жас маман  еңбекқорлығымен  көзге түсіп, инженерге дейін өсті.

Нұрбол Тұрымбетов, «Еңбек адамы» байқауының жеңімпазы:

Бұл форумның мәдени пайдасы зор. Себебі, біз тек тәжірибе алмасып қана қоймай, бір-бірімізді жақынырақ тани түсеміз. Бір-біріміздің тұрмыс-тіршілігімізді біліп, ары қарай байи түсеміз!

Хабарламаларға жазылу