Қостанайда  кәсіподақтардың форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда  кәсіподақтардың форумы өтті

06.04.2018

Қостанайда кәсіподақтардың республикалық форумы өтті. Жиында Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыруда кәсіподақтардың міндеттері айқындалды. Осы ретте  жұмысшының мүддесін қорғап, еңбек ұжымдарында әлеуметтік әріптестіктің ықпалын күшейту және үшжақты келісімдер құру ұйымның негізгі мақсаты болып қала бермек. Мысалы, өңірдегі алып өндіріс - Рудный кен байыту комбинатында 20 мың адам кәсіподаққа мүше. Мұндағы жұмысшылардың барлығы жылына бір рет шипажайда тегін ем алады. Кәсіпорын тұрғын үй құрылысына да қомақты қаржы бөледі. Жас мамандарды қолдау мәселесі де ерекше назарда. «Осындай әлеуметтік жобаларды іске асыруға кәсіподақтың бастауыш ұйымдары да белсенді түрде атсалысуы қажет», - дейді көпшілік. 

Бақытжан Әбдірайым, ҚР  Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

- Комбинат өз ақшасынан үй салады. Оны жұмысшылар алады. Алғанда бастапқы жарна төлемей, 20 жылдық уақытқа 3 пайызбен алады. Мұндай мүмкіндік басқа жерде жоқ. Бұл жергілікті жұмысшыларға үлкен көмек. 

Данияр СҰЛТАНҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу