Заңсыз тауар айналымы бюджетке шығын келтіруде
Қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өткізілген тауар экономикаға үлкен нұқсан келтіруде. Мәселен, бүгінгі жедел ақпарат бойынша екі ел шекарасында тексерілген жүк көліктерінің 16-ы заң бұзған. Оларға 116 тоннадан астам жүк тиелген. Басым бөлігінің өнімге арнайы сертификаттары жоқ. Тіпті кейбір көліктерді ашқан тәртіп сақшылары, құжатта көрсетілмеген тауарларды шекара арқылы өткізу деректерін анықтады. Экономист маманның айтуынша, тіркелмеген, яғни, декларацияланбаған тауарлардің кіргізілуі мемлекет бюджетінен ғана емес, кәсіпкерлерге де зиянын тигізеді.
Қайырбек Арыстанбеков, Экономикалық саясат институтының директоры:
- Ең басты зиян екі факторда байқалады. Бірінші фискалдық тұрғыда. Мысалы, шетелден бізге тауар тіркелмей, көлеңкелі экономика аясында өтсе, онда бюджетке баж салығы мен тиісті салықтар төленбейді деген сөз. Екіншісі, мұндай тауарлар нарыққа кіреді де дәл сондай тауар өндіретін біздің кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
