Еліміздегі авиациялық қауіпсіздік төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі авиациялық қауіпсіздік төмен

12.10.2017

Авиациялық ұшулардың қауіпсізідігіне жауап беретін мемлекеттік орган құрылуы тиіс. Бұл мәселені бүгін Парламент Сенатының отырысында депутат Талғат Мұсабаев көтерді.

Оның айтуынша, соңғы кезде жиілеп кеткен әуе апаттары қауіпсіздіктің төмен деңгейде екенін көрсетеді. «Бөлек мемлекеттік орган құру - әлемдік тәжірибеде қарастырылған»,- дейді сенатор. Ол авиацияның барлық түрін қадағалайтын болады. Сенатордың айтуынша, апаттан кейінгі тексерісті де осы органға жүктеген дұрыс болады. Сонда ғана, авиациялық қауіпсіздік ретке келеді. 

Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Авиациялық ұшуларды бақылайтын мекеме министрліктің құрамында болмауы тиіс. Әуе кемесін сертификациядан өткізетін бұл мекеме өз-өзіне лицензия беріп, кейін өз-өзін қайта тексереді. Әрине, оларда үнемі бәрі жақсы болады. Оның салдарын өздеріңіз көріп отырсыздар. Менің ойымша, қауіпсіздікті қадағалайтын бөлек бір мемлекеттік орган қажет. 

Хабарламаларға жазылу