Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

13.07.2020

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні. Еліміздегі барлық мемлекеттік ту төмен түсірілді. Қазақстандықтар коронавирус құрбандарын еске алып жатыр.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен бірге қауіпті індеттен көз жұмғандарды құрметпен еске алды. Шараға сондай-ақ мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылары, Президент Кеңсесінің бастығы мен Денсаулық сақтау министрі қатысты.  

Ақерке Берікбекқызы

Хабарламаларға жазылу