Президент бірқатар азаматтарды «Айбын» орденімен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент бірқатар азаматтарды «Айбын» орденімен марапаттады

06.05.2014
Президент бірқатар азаматтарды «Айбын» орденімен марапаттады
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.
 
«Бүгінгі марапат мемлекеттің сіздерге деген сенімі және үлкен еңбектеріңіздің бағалануы. Сондықтан, мен  жастарға үлгі болатындай қызмет етесіздер деп сенемін»,- деді Президент марапаттау рәсімінде.
 
Елбасы награданы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басқарма бастығы Раушан Жамбылова мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының бірінші орынбасары Сергей Климчукке тапсырды.
 
Мұнымен қоса, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР Қорғаныс министрлігі 14776 әскери бөлімі командирінің орынбасары Арыстан Мұқатаев пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі жеке авиациялық эскадрильяның командирі Ерболат Смағұлов марапатталды.
 
Ал, ІІІ  дәрежелі «Айбын» орденімен ҚР Ұлттық Ұлан «Оңтүстік» өңірлік  қолбасшылығы 7552 әскери бөлімі атқыштар батальонының бөлімше командирі Жандос Баянбаев, ҚР Қорғаныс министрлігі 53898 әскери бөлімі авиациялық эскадрильясының аға авиациялық механигі Батыржан Мойнов, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі 0112 әскери бөлімінің бөлімше командирі Ғалымжан Тойшыбаев марапатталды.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу