Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті мәлімдеді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бахгалтерлік есеп басқармасының басшысы Мырзатаев 4,3 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды. Бұған қоса Мырзатаев Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Медеубековке 9-қазан күні, яғни, кеше тендер қорытындысын жою үшін 1 миллион теңге көлемінде пара берген. Күдікті мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жеңімпаз деп тану және келісімшарт бойынша жеделдетілген төлем үшін жүйелі түрде пара алып тұрған. Қазір Мырзатаев пен Медеубеков ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ