«Серпіннің серпілісі». Мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алып жатқан студенттер осылай аталатын жоба бойынша сапарға шықты. Студенттер Павлодар қаласынан елордаға жетті. Одан әрі солтүстік өңірдегі бірнеше шаһарды аралауды жоспарлап отыр. Көздегендері - түрлі оқу орындарында білім алып жатқан қатарластарымен жүздесіп, байланыс орнату. Жұмысын 4 жыл бұрын бастаған бағдарлама бойынша қазір 15 мыңға жуық студент білім алуда. Олар диплом алған соң тұрақты жұмыспен де қамтылады.
Күлзия Тобатаева, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Ұлттық жобалар басқармасының басшысы:
- Мақсат - Серпін» әлеуметтік жобасы аясында мықты, білікті де білімді маман дайындау. Сол мамандық алған жастардың еліміздің экономикасын көтеруі, еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуына себепкер болуы.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ