Басты Жаңалықтар Петропавлда жылу құбырлары жарылды

Петропавлда жылу құбырлары жарылды

Петропавлда жер астындағы жылу құбыры жарылып, асфальт опырылып түсті. Көше қиылысында пайда болған орға абайсызда жеңіл автокөлік құлап кеткен. Абырой болғанда көлік жүргізушісі аман.

Күні кеше облыс орталығындағы жылу құбырлары 4 жерден жарылып, 16 көпқабатты үй жылусыз қалды. Қазір апат болған жерлерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, теріскейде 339 үй әлі жылу жүйесіне қосылмаған.

 

Самат САПАРАЛЫ

Бөлісу