Астана қаласы ІІД ардагерлерді құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласы ІІД ардагерлерді құттықтады

03.10.2017

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен Ішкі істер саласының ардагерлерін құттықтады. Салтанатты жиынға жиырмаға жуық ардагер шақырылып, сый-құрмет көрсетілді. Олардың қатарында 94 жастағы Қазис Жолдыбаев та бар. Департамент мамандары майдангердің үйіне бас сұғып, қарт жауынгердің жағдайын білді. Жолдыбаев Қазис 1943 жылдан бастап соғыстың аяқталуына дейін Забайкал фронтының 298 атқыш дивизиясы құрамында болған. 1973 жылы милиция подполковнигі атағымен зейнетке шыққан. Құрмет көрсетуге келген қызметкерлер «саналы ғұмырын осы салаға арнаған ардагерлерді ардақтау біздің азаматтық парызымыз», - дейді.

 

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу