Ресейдегі Қазақстан елшілігінде ардагерлермен кездесу өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі Қазақстан елшілігінде ардагерлермен кездесу өтті

10.05.2013
Ресейдегі Қазақстан елшілігінде ардагерлермен кездесу өтті
9 мамыр мерекесінің қарсаңында Мәскеу қаласында Қазақстан елшілігі де қазір Ресейде тұрып жатқан қазақстандық ардагерлермен кездесу өткізді. Шараға соғыс және тыл ардагерлері, Қазақстанның қорғаныс министрлігін басқарған зейнеттегі әскерилер және елімізге еңбегі сінген танымал тұлғалар қатысты.
 
Дастархан басындағы әңгіме барысында елші Ғалым Оразбақов ардагерлерді Жеңістің 68 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар, қазақстандық ардагерлерді ұлықтау үшін Ресей аумағында атқарылып жатқан шаралардың барысымен таныстырды. Ал, ардагерлер Қазақ елі тарапынан көрсетіліп отырған құрметке алғыс білдірді.
 
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу