Астаналық полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді

17.09.2015
Астаналық полицейлер «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді

Астана қаласы ІІД Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері 17-21 қыркүйек аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, полиция және Білім беру басқармасының қызметкерлерінен құрылған мобильді топтар кешкі және түнгі уақытта жасөспірімдер жүретін орындарды, яғни ірі сауда, ойын-сауық орталықтарын, компьютер клубтары мен интернет-кафелерді, мейрамханаларды, барлар мен түрлі жеке меншікті мекемелерді тексермек.

Шараның басты мақсаты – панасыз және бақылаусыз жүрген, жат әрекет жасауға бейім кәмелетке толмағандарды уақытылы анықтау, жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде және көңіл көтеру орындарында заңды өкілдерсіз жүруіне жол бермеу.

Хабарламаларға жазылу