5573 әскери бөлімінің жауынгерлері көше патрульдеу барысында өртеніп жатқан үйді көріп, бірден көмекке жүгірген. Алдымен үй ішіндегі адамдар мен газ баллонын сыртқа шығарған. Одан соң өрт сөндірушілер жеткенше біраз жиһазды өрт ошағынан аластатып, жалынды сөндіру амалдарын жасаған. Өзгенің өмірі мен қауіпсіздігі үшін бастарын бәйгеге тіккен сарбаздар лайықты құрметке ие болды. Министрлік тарапынан мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ