Бұл жолы жеткіншек аман. Миы шайқалып, жеңіл жарақат алған ол қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Оқиға кеше таңғы сағат сегіздер шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, оқушы трамвай жолына кесе-көлденең шыға келген. Абырой болғанда көлік жүргізушісі баланы байқап қалып, дереу тежегішті басып үлгерген.