Оралда тағы бір адамды пойыз қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда тағы бір адамды пойыз қағып кетті

12.07.2021

Оралда ер адамды пойыз қағып, екі аяғынан айырылды. Оқиға Депо көпірінің астында болған. 41 жастағы азамат тоқтап тұрған пойыз астынан велосипедімен өтпекші болады. Сол кезде пойыз қозғалып кетіп, шығып үлгере алмай қалған. Бұдан екі күн бұрын тағы бір ер адам пойыз астына түсіп, ол да екі аяғынан айырылған еді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жандос Исабеков, Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары:
Жыл басынан қазіргі таңға дейін осындай құқықбұзушылық бойынша 700-ден астам материал, хаттамалар толтырылды. Алайда адамдар табличкаларға және ескертуларге мән бермей, құқықбұзушылық жасайды да, осындай оқиғаларға әкеп соғады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу