Басты Жаңалықтар Семейде оқыс оқиғадан сарбаз қаза тапты

Семейде оқыс оқиғадан сарбаз қаза тапты

Семейде әскери техника аударылып, 44 736 бөлімінің сарбазы қаза тапты. Оқиға кеше түскі 14:30-дар шамасында болған. Әскери жаттығудан қайтып келе жатқан ауыр техника жол-көлік оқиғасына тап болған. Қазіргі уақытта тергеу амалдарын жүргізуге арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері анықталуда.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі әзірге бұдан өзге ақпараттың берілмейтіндігін хабарлады.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Бөлісу