Бүгін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған ресми топ Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясына барды. Олар 85 жылдық тарихы бар әскери оқу орнының материалдық базасымен танысты. Қазіргі заман талабына сай смарт-технологиялармен жабдықталған оқ ату залын аралап, танкіге қарсы зымыран жіберуді үйрететін «Қазақстанда жасалған» оқу құрылғысын қолданып көрді. Бүгінде төрт бағыт бойынша офицер-кадрларды даярлайтын оқу орны жылына 300-ден астам курсант қабылдайды. Сондай-ақ, мұнда алыс-жақын шетелдің жастары да білім алып жатыр.
Амангелді СЕЙІТХАН