Шалғайдағы ауылдардың болашағына қатысты шешім қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалғайдағы ауылдардың болашағына қатысты шешім қабылданды

19.11.2020

Елімізде адам саны аз және шекара маңында орналасқан шағын ауылдардың болашағына қатысты шешім қабылданды. Бүгін Сенат депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-Министр Асқар Мамин шекара түбінде орналасқан 900 елді мекен болашағы бар ауылдардың қатарына енгенін айтты. Оның 300-ге жуығы стратегиялық маңызды елдімен ретінде белгіленіп отыр.

Әрі адам саны аз үш мыңнан астам ауыл да іріктеліп алынған. Енді бұл жерлерде «Ауыл ел бесігі» және «Аймақтарды дамыту» бағдарламалары іске асуы тиіс. Жұмыс орындары ашылып, жол салынбақ. Бұған дейін Сенат депутаттары 2 млн тұрғыны бар осы ауылдардың болашағына алаңдап, Премьерге сауал жолдаған еді.  

Досжан Маратұлы          


Шалғай ауыл Сенат депутаттары Премьер-Министр Асқар Мамин Шекара

Хабарламаларға жазылу