Дариға Назарбаева «Қорғас» кеден бекетінің жұмысымен танысты
«Қорғас» шекарамаңы халықаралық ынтымақтастық орталығында қазақстандық кəсіпкерлердің сауда-саттық жасау мөлшерін бірнеше есеге дейін арттыру керек. Бұл мәселе бүгін Сенаттың Халықаралық қатынастар, Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында талқыланды.
Осы орайда халық қалаулылары шекара туралы заңнамаларға бірқатар өзгерту енгізуді қолға алмақ. Сондай-ақ, бұл жиында Қазақстан мен Қытай шекарасындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеру мәселелері де қаралды.
Орталық жұмысымен танысқан сенаторлар алдағы уақытта мемлекет қауіпсіздігі мен екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту тетіктерін пысықтады. Мәселен, еркін экономикалық аймаққа кіріп-шығу, тауар айналымын жеңілдету қажеттілігі баса айтылды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01