«Астанаэнергосбыт» мекемесі халыққа тиісті деңгейде қызмет көрсетпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астанаэнергосбыт» мекемесі халыққа тиісті деңгейде қызмет көрсетпейді

07.09.2017
«Астанаэнергосбыт» мекемесі халыққа тиісті деңгейде қызмет көрсетпейді

«Астанаэнергосбыт» мекемесі халыққа тиісті деңгейде қызмет көрсетпейді. Күту залдары тар, кезек мәселесі толық электронды жүйеге көшірілмеген және ақпараттар көбіне орыс тілінде.  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі кемшілікті түзету үшін аталған компанияға 20 күн уақыт берді.

Айта кету керек, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы мен қоғам белсенділері қаладағы бірнеше мекемені аралап көрді. Мақсат - осыған дейінгі қызмет көрсетуді жетілдіруге қатысты тапсырмалардың орындалуын қадағалау. Белгілі болғанындай, тиісті ескертуден кейін Кіріс комитеті жұмыс уақытын кешкі 20.00-ге дейін созып, сенбі күні де азаматтарға қызмет көрсете бастаған. «Астана су арнасы» мекемесі де күту залдарын ретке келтіріп, салқындатқыштар орнатқан. Ал, «Астанаэнергосбыт» мекемесіне жағдайды реттеу үшін 20 күн уақыт берілді.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу