Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланды

26.09.2017

«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы құрылғаннан бері осы мекеменің 21 қызметкері сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша істі болып, оның жартысына қатысты сот шешімі шықты. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жиында айтылды.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған Үкімет» корпорациясы былтыр сәуір айында құрылған болатын. Қазір 723 мемлекеттік қызметтің 24 пайызы әлі де қағаз жүзінде жүзеге асады. Жиында бұл жұмысты жетілдіру жайы айтылды. Сондай-ақ, шарада мобильді халыққа қызмет көрсету қызметінің тиімсіздігі айтылды. Қазір 69 мобильді көлік алыс ауылдарға қызмет көрсетеді. Алайда, олар мемлекетітк қызметтерді толық көрсету үшін тиісті деңгейде жабдықталмаған. Олардың орнына ауылдағы «Қазпошта» бөлімшелерінің мүмкіндігін пайдалану жайы сөз болды. «Электронды үкімет» жобасын қолға алынғалы оған 75 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу