Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Түркістанда «Мәңгілік ел» автопойызы жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Түркістанда «Мәңгілік ел» автопойызы жолға шықты

25.02.2016
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Түркістанда «Мәңгілік ел» автопойызы жолға шықты

Көш басын Түркістан қалалық әкімдігінің алдынан бастаған автокеруен Елбасының салиқалы саясатын іске асыру барысында шалғайдағы халыққа түрлі салада қызмет көрсетіп, оларды қолдау мен шаттық сыйлауды мақсат етіп отыр. Құрамында медицина, спорт, халыққа қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік сынды бірқатар сала мамандары бар «Мәңгілік ел» автопойызы алғашқы аялдамаларын Оранғай мен Шорнақ ауылдық округтерін аралаудан бастап, жергілікті бұқараға тиісті деңгейде көмек көрсетіп, кеңестер берді, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оранғай ауылының орталық клубына жиналған тұрғындарға қалалық Мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламалар ұсынылса, «Түркістан қаласының құрметті азаматы» Ә.Пахридинов ауыл тұрғындары атынан арнайы келген делегация ұжымына өз алғысын білдірді. Шорнақ ауылында да бұл үрдіс жалғасын тауып, тұрғындар түрлі салада өздерін толғандырып жүрген сауалдарына жауап алып, дертіне шипа тапты.

Авто керуеннің ендігі сапары Түркістандағы Ескі Иқан, Қарашық, Сауран, Яссы ауылдық округтерінде жалғаспақ. Наурыз айының 18-не дейін жалғасатын шарада 20 шақты елді мекендегі 50 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетілетін болады.

Хабарламаларға жазылу