Атырауда үздік әскери жүргізушілер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда үздік әскери жүргізушілер анықталды

06.09.2017

Атырауда «Ең үздік БТР экипажы» мен «Ең үздік жүргізуші» анықталды. Сайыс Ұлттық Ұлан Батыс аймақтық әскери бөлімдерінің арасында өтті. Әскери қызметкерлер арнайы полигонда броньды транспортерлар мен ауыр техника биатлонын өткізді.

Атырау өңірінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауда жауынгерлер түрлі кедергілерден өтіп, шеберліктерін шыңдады. Сайыс қорытындысы бойынша, атыраулық «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5546 әскери бөлімі жүргізушілері жеңімпаз атанды.

Өнербек ЖАҢАБАЙ

Хабарламаларға жазылу