«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Әскери пост» байқауында жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Әскери пост» байқауында жеңімпаз атанды

13.10.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері «Әскери пост» байқауында жеңімпаз атанды

ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған «Әскери пост» байқауының жеңімпаздары анықталды.

Жеңімпаздардың қатарында «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкерлері де бар.

Олар «Мірдің оғы» аталымының жеңімпазы Қазақ радиосының қызметкері Мәдина Махамбетқызы және «Ұтқыр шабуыл» аталымында үздік шыққан  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тілшісі Нұрбек Бекбау.

Айта кетейік, байқауда жеңімпаздар үш аталым бойынша марапатталған.

«Мірдің оғы» аталымында Мәдина Махамбетқызы, Динара Жаналина мен Жанар Құсайынова жеңіске жетсе, «Ұтқыр шабуыл» аталымында Евгений Руре және Нұрбек Бекбау «үздік» атанды. Ал, «Суреткер сарбаз» аталымында Бауыржан Мұқанов марапатталды.

Байқау жұмысына жазылған үздік комментарийге де арнайы жүлде тағайындалып, оны Полина Шиманская иеленді.

Хабарламаларға жазылу