Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына - 25 жыл

06.02.2014
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына - 25 жыл
Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына - 25 жыл. Жауынгерлік борышын өтеп, от кешкен Ауған ардегерлерін ұлықтау бір сәтке тоқтаған емес.
 
Бүгін Астанада Құрлық әскерлерінің арасында автомат атудан жарыс өтті. Еліміздің 7 өңірінің әскери сарбаздары мен сардары және Ауған ардагерлері нысана көздеуден бақ сынады.
 
Әр топтан 5 адам өз әскери бөлімінің намысын қорғады. Балдық көрсеткішпен үздіктері анықталды. Жарыста үздік шыққандарға арнайы диплом мен сыйлықтар табысталды.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу