БҰҰ-ғы миссия ұлттық дипломатияны шыңдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ғы миссия ұлттық дипломатияны шыңдайды

25.08.2017

Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі жоғары миссиясы – Ұлттық дипломатияны шыңдайды. Бұл - сарапшы пайымы. Еліміздің Сыртқы істер ведомствосы жаһандық деңгейдегі дипломатияның жұмысына араласуға теңдессіз мүмкіндік алды. Алдымен, сыртқы саяси сахнада Қазақстанның ұлттық мүддесіне қызмет етіп жүрген арнайы топтың біліктілігі сыналады. Екіншіден, халықаралық ауқымды істерге араласқан  дипломаттардың кәсібилігі артпақ. Себебі, олар беделді ұйымда алпауыт елдермен қоян-қолтық бірлесіп, түрлі комитетте, сан алуан топта жұмыс істеп жатыр. 

Сондай-ақ,  Қауіпсіздік Кеңестегі қызмет – Қазақстанның бастамалары мен ұстанымдарын  ілгерілетуге зор мүмкіндік,-дейді сарапшы. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу