БҰҰ-ның 70 жылдығы ҚазҰУ қалашығында аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ-ның 70 жылдығы ҚазҰУ қалашығында аталып өтті

03.03.2015
БҰҰ-ның 70 жылдығы ҚазҰУ қалашығында аталып өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 70 жыл толуына орай «Берік БҰҰ-мен әлем де жақсарады» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны БҰҰ-ның «Академиялық ықпалдастық» атты Ғаламдық Хаб бағдарламасы барысында ҚР БҒМ, ҚР СІМ, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Айта кету керек, ҚазҰУ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасына қабылданған Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны.

Конференцияға арнайы шақырылған қонақтар қатарында БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, дипломатиялық миссия төрағалары мен халықаралық ұйымдар мүшелері болды.

Шара барысында БҰҰ-ның ғаламдық бейбітшілік пен қорғаныс рөлі, тұрақты даму белсенділігі, ғаламшардың экологиялық қорғанысы, адам құқығының қорғалуы мен әлемдегі демократиялық құндылықтар, сонымен қатар, БҰҰ мен Қазақстан қарым-қатынасын нығайту сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

Конференция  «БҰҰ – бұл біз» атты студенттік акциясымен басталып, «БҰҰ: 70 жыл бойы фотосуретте» фотокөрмесімен аяқталды.

Хабарламаларға жазылу