Офицерлер біліктілігін шыңдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Офицерлер біліктілігін шыңдайды

24.01.2015
Офицерлер біліктілігін шыңдайды

Еліміздің құрлық әскерлерінің офицерлері командирлік дайындықтан өтуде. Басшылық қызметтегі әскерилердің теориялық білімі мен практикалық әдістерін шыңдайтын шара жыл сайын өтеді.

Бұл жолы әр аймақтан келген екі жүзге жуық жоғары шенді Астанадағы 68/655 әскери бөліміне жиналып, 10 күн бойы өзара тәжірибе алмаспақ. Әскери қызметшілер жауынгерлік әдіс пен командирлік даярлық бойынша дәріс алады.

Мұндай командирлік дайындық Қарулы Күштері арасында тек Құрлық әскерлерінде ғана жүргізіліп келеді. Шараға келгендер түрлі сыннан өтеді.

Әр топқа бөлінген офицерлер ұрыс кезіндегі айла-тәсілді үйреніп, Ұлттық Қорғаныс университетінің ғалымдарынан дәріс алады. Ұйымдастырушылар бұл шара өзге әскерилерге үлгі болатын бастама екенін айтады.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 
 
 

Хабарламаларға жазылу