Милананың ата-анасы табылмай жатыр

15.08.2017

Астананың шыға берісіндегі тас жолда түн ортасында табылған 3 жасар Милананы іздеп құзырлы органға хабарласқан бір адам жоқ. Іздеу шаралары әлі күнге нәтиже бермей отыр. Бес тәуліктен бері балғын кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Қалалық ішкі істер департаменті қыздың ата-анасы мен жақындарына бүкіл Қазақстан бойынша іздеу жариялады. Кішкентай балғынның түн ішінде айдалада қалай тап болғаны, ата-анасы мен туыстарының осы уақытқа дейін табылмауы көпшілікті алаңдатып отыр.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу