Түнде айдалада табылған үш жасар Милананың ата-анасы әлі күнге хабар-ошарсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түнде айдалада табылған үш жасар Милананың ата-анасы әлі күнге хабар-ошарсыз

11.08.2017

Полицейлер оларды іздестіріп жатыр. Милана кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Тәрбиешілер балғынның ашық-жарқын, кез келген адаммен өзін еркін ұстайтындығын айтады. Ал, Астана қалалық ішкі істер департаменті әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іздеу жарияланса, нәтиже болмай отырғандығын айтады. Тілшіміз Жазира Досмағанбет кішкентай Милананы көріп келді. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
 

Хабарламаларға жазылу