Үш жасар Милананың әкесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үш жасар Милананың әкесі табылды

17.08.2017

Үміт ақталды. Үш жасар Милананың бағына орай әкесі табылды. Ұлттық арна қаланың шыға берісінде түн ортасында табылған қаршадай қыздың қиын тағдырына алаңдап, күн сайын ақпарат таратты. Бүлдіршінді бірінші болып тапқан полиция қызметкері де алғашқы деректермен бөліскен. Ұжымның тынымсыз еңбегі нәтижесін берді. Балғынның ата-анасы кімдер, қай қаланың тумасы екендігі анықталды. Тілшіміз Жазира Досмағанбет Миланаға қатысты соңғы ақпараттарды жеткізді.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу