«Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап пресс-тур ұйымдастырды. Полигонда өткен шара барысында тілшілер қауымы әскери қызметпен жақын танысты. Техниканы басқарып, түрлі қарудан оқ атуға машықтанды.
«Ширек ғасырда отандық Қарулы күштер саласы қарыштап дамып, қуатты армия жасақталды», - дейді қолбасшылық өкілдері. Оң өзгерістер мен тың бетбұрыстар ұтымды басқару мен қажырлы еңбектің жемісі. Ұйымдастырушылардың пікірінше, пресс-тур патриотизмді нығайтып, әскерилер мен тілшілер арасындағы қарым-қатынасты бекемдей түсері сөзсіз.
Дарын САҒИТОВ