Әскери квест ойындарында БАҚ өкілдері өздерінің спорттық шеберліктерін шыңдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери квест ойындарында БАҚ өкілдері өздерінің спорттық шеберліктерін шыңдады

27.02.2018

Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының жаттығу алаңында қарулы күштердің қысқы спартакиадасы өтті. Еліміздің әскерилері шаңғы тебу, биатлон сынды жарыстарда өзара бақ сынасты. Шараға әскерилер ғана емес, журналистер де қатысып қайтты. Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған әскери квест ойындарында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерінің спорттық шеберліктерін шыңдады. Олар топ болып белестерді бағындыру, әскери тәртіп пен қиыншылықты көріп келді. Айта кетейік, дәл осы Шортандыдағы жаттығу алаңында ел намысын Пхенчхан Олимпиадасында қорғаған спортшылар жаттығады.  

Ғани Нүсіпов, ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникация департаменті бөлімінің басшысы:

- «Журналистер әскери жағдайда өздерін сенімді ұстауы үшін, жалпы әскери өмірдің талаптарын өздері сезініп көрсін деген мақсатпен осы шараны ұйымдастырдық.  Журналистің көпшілік арасында өзін-өзі сенімді ұстауы маңызды. Байқағаным, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің дайындығы жоғары. Нысанаға ату, шаңғы спорты сынды жарыстарды оңай еңсерді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу