БАҚ өкілдері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ өкілдері марапатталды

26.06.2018

Бұқаралық ақпарат құралдары жастардың күш-қуатын шығармашылық арнаға қарай бұруы тиіс. Жас ұрпақ барлық әлеуметтік маңызды іс-шараларға белсене араласуы қажет. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистермен кездесу барыcында осылай деді. «Өскелең ұрпақтың білімі мен жаңа технологияларды қолдануы, шығармашылық тұрғысындағы тың көзқарасы, күш-жігері мен игі бастамалары бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деді төраға. Сондай-ақ, ол байланыс және ақпарат саласы мамандарының төл мерекесіне орай, бірқатар БАҚ өкілін Алғыс хат және Құрмет грамоталарымен марапаттады.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу