Осы сессияда Мәжіліс 84 заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы сессияда Мәжіліс 84 заң жобасын мақұлдады

28.06.2017

30-ы маусым күні Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өтеді. Ал, бүгін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин төменгі палатаның екінші сессияда атқарған жұмысын қорытындылады.

Депутаттардың белсене қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл тарихи Декларациясы қабылданды. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ірі Конституциялық реформа жүргізіліп, оны сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін депутаттар үлкен жұмысты атқарды. Нәтижесінде, Конституцияға, басқа да көптеген маңызды заңдарға өзгерістер енгізілді,- деді Нұрлан Нығматулин.

Осы сессияда Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, онда 226 мәселе қаралған. Аталған кезеңде палата 84 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу