Елімізде парламенттік оппозиция пайда болады

06.05.2020
Елімізде парламенттік оппозиция пайда болады

Елімізде парламенттік оппозиция пайда болады.

Мәжіліс «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасында алғаш рет «Парламенттік оппозиция» ұғымы енгізіліп отыр.

«Бұл - Парламент тарихында бұрын болмаған, бірақ та уақыт талабына сай жасалып отырған өте қажетті қадам. Себебі парламенттік оппозиция демократияны одан әрі нығайтуға, Парламент жұмысын дамытуға, сонымен бірге ашық және еркін қоғамды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады», - деді палата спикері Нұрлан Нығматулин.

Заң жобасына сәйкес,  парламенттік оппозицияға бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау, парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу, өз депутаттарының арасынан ҚР Парламенті Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымына кандидатура ұсыну құқығы беріледі.

Заң жобасының негізгі мақсаты - парламенттік оппозиция институтын қалыптастыруды реттеу саласында құқықтық негіздерді қамтамасыз ету.

Хабарламаларға жазылу