Орталық Азияның үздік әуежайы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азияның үздік әуежайы

21.06.2017

Бүгіннен бастап Астананың әуежайына ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Әлбетте, елімізге шеттен келген мейман алдымен осы жерді көріп, Қазақстан туралы пікірі қалыптасады. Бір сөзбен, бұл жер - елорданың бетпердесі.

Ғимарат 47 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Оның ішінде жолаушылар және VIP терминалдар бар. Бір сәтте 6 ұшақ қабылдайтын жаңа тұрақтар және 42 паспорт тексеру бекеті орналасқан. Адам нөпірі көбейіп жатса, сағатына 1800-ге жуық жолаушының өтуіне жол ашық.  Әуежай ішінде wifi-мен жарақталған компютерлер, душқа түсетін кабиналары бар дәретханалар, жайлы жатын және отыратын орындар да осында. Екінші қабат толығымен ресторандарға берілген. Әуежай жылына 8 млн. жолаушы қабылдауға қауқарлы. Жобаның жиынтық құны 60 млрд. теңгеден асып тұр. Ең бастысы, жаңа әуежай іске қосылған тұстан бастап 400 адам жұмысты болды.

Естеріңізге сала кетейін, әуежай маусымның 6-нан бастап ресми іске қосылды.

Хабарламаларға жазылу