Орталық Азияның үшінші кітап форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Азияның үшінші кітап форумы өтеді

06.10.2014
Орталық Азияның үшінші кітап форумы өтеді

Орталық Азияның үшінші кітап форумы мен әдеби және кинофильм байқауының (OCABF-2014) өткізілетін күні белгілі болды. 14-17 қараша аралығында британдық Hertfordshire Press баспа үйі ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасымен бірлесе отырып, сондай-ақ, Қазақстанның баспа және кітап тарату қауымдастығы үшінші кітап форумын өткізеді.

Биыл ұйымдастырушылар іс-шараларды Алматы және Астана қалаларында қатар өткізбекші. Шара Орталық Азия аумағындағы әдебиеттің дамуына бағытталмақ.

Форумның мақсаты – оқырмандар мен мамандардың назарын ортаазиялық жазушылардың жетістіктеріне аудару. Сондай-ақ, жазушыларды баспасгерлермен, оқырмандармен, кітапханалармен, оқу ордаларымен және БАҚ-мен таныстыру.

OCABF-2014 конкурсының жалпы сыйақы қоры – 17 мың АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаздың кітабы Лондон баспасынан жарық көреді және 2016 жылы өтетін кітап жәрмеңкесіне қойылады.

Хабарламаларға жазылу