Қала тыныштығын қорғап, көшеде патрульдеу жұмыстарын жүргізу кезінде Ролан Тышқанбай мен Асылжан Айтбай ішінде ақшасы бар әмиан тауып алады. Бірден жарғыға сай әрекет етіп, 5 миллион теңгеге жуық қаржыны иесіне қайтарып берген.
Біреудің қаржысын иемденіп кетпей, азаматтық танытқан сарбаздар төсбелгімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.