Су тапшылығы сезіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тапшылығы сезіле бастады

09.06.2017

Қазір әлемде жайылым жерлерді суландыру өзекті мәселеге айналды. Ал, болашақта ауызсу да тапшы болуы мүмкін. Алматыда бас қосқан шетелдік ғалымдар осылай деп дабыл қақты. Оқымыстылардың сөзінше, жаһандық су қауіпсіздігін терең зерттеп, су тапшылығын шешудің жолдарын бірлесіп іздеу қажет. Бұл бағытта Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде Агротехникалық хаб жұмыс істеуге кірісті. Оған Азия даму банкі инвестиция құюды жоспарлап отыр. Жалпы, Қазақстанның 217 миллион гектар жерінің Кеңес одағы кезінде 186 миллион гектары жайылым болған. Десек те, бұл көрсеткіш бүгінде 61 миллион гектарға төмендеді. Ал, 27 миллион гектар жердің құнарлы топырағы нашарлаған. 

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ   

Хабарламаларға жазылу