Бизнестегі өзін-өзі реттеу тетігі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бизнестегі өзін-өзі реттеу тетігі талқыланды

12.05.2017

Еліміздегі аудит саласына, экологиялық аудиторлар қызметіне және  нотариат пен адвокатураға өзін-өзі реттеу тетігін енгізу жоспарланып отыр. Яғни, арнайы бірлестіктер құрылып, сол арқылы саладағы қызметтің сапасы қадағаланады. Ал, мұндай ұйымдардың жұмысын  мемлекеттік құзырлы органдар бақылап отырады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері «Бұл институт ең алдымен кәсіпкерлерді үздіксіз тексерістерден арылтады», - дейді. Нәтижесінде, тауар сапасы мен қызмет көрсетуді жақсарта түсуге мүмкіндік тумақ.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу