Алматыда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жайы талқыланды

20.04.2022

«Жергілікті өзін-өзі басқару – демократия мектебі». Алматыда Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, Ұлттық сараптамалық алаңының отырысын өткізді. Сарапшылар соңғы реформалардың жергілікті өзін-өзі басқаруға тигізер әсері мен ықпалын талқылады. Сондай-ақ жергілікті жердегі азаматтардың бұл бағытта белсенді жұмыс істеуге дайындығы пысықталды. Бүгінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленген. Мамандардың сөзінше, елімізде өзін-өзі басқару институтының өзіндік моделі қалыптасып жатыр. Ендігі меже - қарқынды даму барысына қоғам боп ат салысу.

Алуа Жолдыбалина, ҚСЗИ директорының орынбасары:

Мақсатымыз - тек біздің институттың ғана сарапшылары емес, Қазақстандағы, әсіресе, шарада Солтүстік Қазақстан облысының, Алматы облысының өкілі қатысты. Яғни, жергілікті жердегі сарапшылар жергілікті өзін-өзі басқарудағы мәселелерді тереңірек біледі. Кейбір ерекшеліктерін жақсы білгеннен кейін біз солармен бірлесе отырып, бүгінгі талқылауды, осындай ұсыныстарды дайындадық.


Хабарламаларға жазылу