«Бұйратауда» марал саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бұйратауда» марал саны артып келеді

24.03.2017

Бұйратауда марал саны артып келеді. Қарағанды мен Ақмола облысы аумағында орналасқан «Бұйратау» ұлттық мемлекеттік табиғи паркінің құрылғанына көп болған жоқ. Соңғы 15 жылдан бері мемлекеттің ерекше бақылауында.

Қазір осы жерде аң-құстардың саны артқан. Әсіресе, марал мен арқар. Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аң шаруашылығы комитетіне қарасты табиғи паркте өсіп көбейген аңдар кейін далаға жіберіледі. Бірақ, одан кейін де мемлекеттік инспекторлардың бақылауында болады.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу